“Слишком большой» деректі фильмі
Деректі фильіммен халықтың мұңын жеткізді.
“Слишком большой” - 2022 жылы Тәжікістанның журналист, сценарийсті Абдулло Гурбатидің ұйымдастыруымен түсірілген деректі фильм. Baiqonyr International Short Film Festival халықаралық байқауында “ең үздік деректі фильм” номинациясының жүлдегері атанды және бұл байқауға Абдулло қатыса алмады, себебі оны қамауға алды. Көптеген сайттардың айтуынша Абдулло заңсыз партияда репортаж жасаған, алайда Абдулло оның бәрі өтірік, дәлелсіз қамауға алып жатқанын ескертті. Бұл жағдайға Байқоңырдың негізін қалаушы Әнуар Кенжібаев Абдулло Гурбатидің ұсталғанынан хабардар екенін айтып, жас режиссердің жақын арада бостандыққа шығатынына сенім білдірді. Оның айтуынша, кинофестивальдің миссиясы – жас киногерлерді тауып, оларға қолдау көрсету. Тәжік бауырымыздың бұл деректі фильмі өз елінің экономикасын, әлеуметтік жағдайын көрсетіп тұр....