Сандарлы жылдар
Ұлтымыздың өмір сүріп келе жатқанына осымен 557 жыл толды. 5 жарым ғасырды артқа тастаған халқымыздың жасаған, атқарған ісі мен жетістігі жетерлік. 5 жарым ғасыр ішінде халқымыздың басына не бір күн тумады десеңші?! «Бүйірден соққан жау жаман.Гүрілдеп келген жаудан, Күлімдеп келген жау жаман» деп атам қазақ бекер айтпаса керек-ті. Себебі кейбір кезеңдерде еліміз досы деп санағандардың жау болып шыққанын, жау деп санағандардың дос болып шыққанына куә болды. Оған мысал кеңес үкіметі. Кеңес үкіметі жылдарында халқымыз небір алапат күндерді бастан кешірді. Халықымыздың қай жерден осал екенін білген билік басшылары түрлі амал-шарғыларды қолдана отырып, елімізді жоюға тырысты. Осындайда тіліме мына екі мақал оралады. «Даттаушы түгел...