Ата-баба аңсаған заманды құра алдық па?
Халқымыздың тарих беттерін ақтарып отырсаң, көзің еріксіз ұлтымыздың басына түскен ауыр жағдайларға түседі. 3 рет үлкен жұтты басынан өткерген халқымызды, батыр халық десек те жарасары анық. Сонау жоңғарлар мекендеген кезден, кешегі Кеңес Одағына дейін халқымыз ауыр кезеңдері бастарынан өткерді. Бірде қуанды, бірде жылады, бірде халық саны көбейсе, бірде жойылудың аза қалпында қалды.
Бірінші жұт - 1723-1727 жылдар аралығында болды. Тарих беттерінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен мәңгілікке қалды. Халық «елім-ай» деп еңірей елінен қашты. Отанын, туыс-туғанын, ыстық естеліктерін артқа тастай, жан сауғалап, өзге елдерде паналаудан басқа амал қалмады. Қазақ елі өз тарихында алғаш рет қасіретті зардабы өте зор зұлматқа тап болып, жер бетінен ұлт ретінде...