Тұлпардың дыбысы шығады (I нұсқа)
Көкі тама Есет батыр бір күні жолаушы келе жатып Даттың үйіне қонады. Сырым сонда бесікте жатқан бала екен. Есет кетерінде:
— Құдағи келін, мынау бесіктегі сәбиді таза асырап, жақсы баға гөр, жылатпа, — деп тапсырады.
— Осы баладан өзімнің де зор үмітім бар, жылағанда өксігі басылмай мамасын ембейді, көзі қызарып, жүрегі дүрсілдей береді, — депті анасы.
Сол Сырым он бес жасына келген соң даладан бір түйені әкеп сойып, қадірлі жылы-жұмсағын алып жол жүріп, Көкі тама Есет батырға барады.
Тоқсан жаста қартайып отырған Есет батыр келініне бір күні:
— Балам, тұлпардың дыбысы шығады, көздеші, — дейді. Келіні далаға шығып, атын байлап,...