Жақынды жаралама, алысты қаралама
Кіші жүздегі он екі ата Байұлының байбақты деген руына басшы болған Бұлан деген кісі қартайған кезінде бір жиында жұртқа: «Мен қартайып жасым жетті, мына алдымдағы піскен қойдың басын біреуің келіп ұстап, байбақтыға бас болыңдар!» — депті. Сонда жұрт қаңтарылып ешкім ортаға шыға қоймаған соң аяқ жақтан Сырым шығып:
— Бәлі, аға, бас та, бастаушы да болам, — деп Бұланның алдына келіп отырыпты.
Сонда Сырым жиырмадағы жас жігіт екен. Бұлан қарт батасын беріп, содан бастап Сырым байбақтыға би болыпты.
Сырым содан кейін елдің қарияларынан ақыл алу үшін атқа мініпті. Қараман тана Малайсары биден ақыл, бата алуға жолға шығыпты.
Малайсарының аулы төменгі...