Сырым мен Перовский
Сырым батыр заманында Текенің екі басты ұлықтарыменен қатты дос болған екен. Оның біреуі — губернатор Перовский, екіншісі домуправления деген екен. осы екеуінің бірі бір күндері Сырымды шақырып алып:
— Ау, Сырым батыр, сені тұтқынға ал деген патшадан бұйрық келді, сен енді менің рағиямнан тай! Тайсаң, мен сені іздемеймін, таймасаң, тұтқындамасқа шарам жоқ, патшадан қорқамын, — депті.
— Жарайды, шын достығың болса, таяйын. Тек менің сізге мынандай тапсыратын жұмысым бар, орындаймысыз? — дейді Сырым батыр.
— Орындайын, — дейді губернатор.
— Орындайтын болсаңыз менің артым саған аманат: әуелі халқым, екінші қатын-балам, соның ішінде айырықша Қазы балам, алдыңа келсе, талабын қайырмағайсың, —...