Менің губернаторда жұмысым жоқ
Сырым батыр Руссия мен қазақ шекарасына, қазақ жеріне қала салуына қарсы болады, қалың қол жинап: «Елек суының жағасына Елек қаласын салдырмаймын», — деп, салынған үйлерді өртеп жібереді. Сондықтан Елек қаласын қазақтар «Күйік қала» деп, атап кеткен.
(II нұсқа)

Текенің аузынан Мұнайлы /Қазіргі Подстепной/ салдырмаймын деп шауып алыпты. Осындай істерінен кейін Орынбордың губернаторы Сырымды шақырыпты. Сырым батыр:
— Менің губернаторда жұмысым жоқ, оның жұмысы болса, өзі келсін, — деп, жауап қайырыпты.
Губернатор Сырымға:
— Менің сізде жұмысым жоқ, сізді патша шақырады, сізді көремін, — депті. Сырым:
— Мен бара алмаймын. лауға мініп көргенім жоқ, орысша тіл білмеймін. Керек болса өзіме тең...