Сырым мен губернатор
Сырым батыр Ресей мен қазақ шекарасына, қазақ жеріне қала салуға қарсы болады, қалың қол жинап: «Елек суының ар жағына Елек қаласын салдырмаймын», — деп, салынған үйлерді өртеп жібереді. Сондықтан Елек қаласын қазақ «Күйік қала» деп атап кеткен. «Текенің аузына Мұнайлы (қазіргі Подстепный) салдырмаймын», — деп, Сырым шауып алыпты.
(I нұсқа)

Осындай істерінен кейін Орынбордың губернаторы Сырымды шақыртып, Сырым батыр бармайды.
Сырым шақырғанға бармаған соң, патша өкіметі Сырымға заттай сыйлық беріп жіберіп те көрген. Сырымға Ғұбайдулла, Фатхулин және Әбілпейіз Мансұров деген молдалар жіберіледі. Бұларға әйел патшадан келген сыйлықтар мен генерал-губернатор Пеутлингтің хатын Сырымға апарып беру тапсырылады. Сырымның аулына келгеннен кейін молдалар...