Сырым батырдың тама руы Есет батырға бата алуға барғанынан
Есет батырдың қартайған кезі екен. Сырым батыр «бата аламын» деп барса, жас әйелі үйінің қасынан қарсы алыпты. Сырым батыр амандасып, әйелден:
(III нұсқа)
Есет батырдың қартайған кезі екен. Сырым батыр «бата аламын» деп барса, жас әйелі үйінің қасынан қарсы алыпты. Сырым батыр амандасып, әйелден:
— Есет батыр үйде ме? — деп сұраса, жас әйел:
— Жатыр ғой алжығаның, Есетті іздеп жүрген сен де бір есің кеткен неме екенсің», — деп жауап беріпті. Бұл сөзге Сырым батыр қатты ашуланып, қылышын қынабынан суырып, әйелді шаппақшы болыпты. Осы сәтте Есет батыр сырттағы дауыстарды естіп шығыпты. Қылышын ұстап тұрған Сырым батырды тоқтатыпты. Сәлден соң: «Алысқа келген адамға алпыс пәле жабысады. Сол алпыс пәленің бірі жас әйел екен. Жұмысың менде шығар, маған кел», — деп Есет...