Ескі әңгіме
Тама Есет батыр бір күндерде жолаушы жүріп келе жатып Даттың үйіне келіп түсіп, түстеніп жатқан көрінеді. Сырым бала бесікте екен. Түстеніп кетерінде құдағайға келіп:
(II нұсқа)
Тама Есет батыр бір күндерде жолаушы жүріп келе жатып Даттың үйіне келіп түсіп, түстеніп жатқан көрінеді. Сырым бала бесікте екен. Түстеніп кетерінде құдағайға келіп:
— Шырағым, мынау бесіктегі жатқан сәбиді жақсылап бақ, таза асырап өсіргейсің, аманат деп кетем, үлкен болғанда жақсы адамның біреуі болар», — деп кетіпті. Мамасы айтқан:
— Жарайды, атай, бағып қараймын. Қалайда былайғы балалардан құлқы басқа. Білмеймін, ашуланып, көпке дейін мамасын ембейді, екі көзі қызарып, өкпесі дүрсілдеп», — деген.
Сол Сырым ес кіріп, он бес жасқа келгесін, бір күндерде сөзден сөз шығып, мамасы: «Шырағым, сен бесікте жатқанда, тама Есет батыр деген қарт келіп түстеніп кеткен....