Жаман жолдас жауға алдырар (I нұсқа)
Хорезм хандары Сырымды өлтіру үшін жолына ағаш үй тіктіріп қояды, Сырым келсе, қонақ етіп, асқа у салып беруді жансыздарына қатаң тапсырады. Үйде он шақты қыз-келіншек ойын ойнап жата береді.
Бір күні Сырым қасындағы жолдастарымен манағы тігілулі тұрған жол бойындағы ағаш үйге келеді. Келген бойда қыз-келіншектер: «Ағалар, түсіңіздер, қонақ болыңыздар», — деп қарсы алады, асты-үстіне түсіп алдайды. Нан пісіріп алдарына қояды. «Бұл жерде бұрын ел жоқ еді. Елсіз жерге үй тігіп, қыз- келіншектер келіп сонша құрметтеуі қалай?!» — деп Сырым ішінен сезіктенеді. Сырымның қасына еріп жүрген бір жақсы иті болады. Алдына келген итіне: «Сенде азық жоқ, менде жазық жоқ», — деп,...