Қайғысыз хан семіз (I нұсқа)
Сырым жаңа атқа мінген жастау кезінде Нұралы ханды көргелі ханның ордасына барады, «кімсің» деген ханға «Сырыммын» деп жауап береді. Сонда хан:
— Сырым-Сырым деген атың жер жарады. Өзің кішкентай ғана арық бала екенсің ғой, — дейді. Сонда Сырым:
— Иә, мен арықпын. Себебі, патша мен сияқты қазақты қонысынан айырып, құмға иірді, жақсы судың бойын казак-орыстарға әперді. Қазақтың қонысын қалай қайтарып аламын деп бір түнде тоғыз ойланып, тоқсан толғанып арып болдым. Бұрынғының айтқаны бар емес пе:
«өлеңді жерде өгіз семіз,
өлімді жерде молда семіз.
Қаралысында қатын семіз,
Қайғысызында хан семіз», — деп.
— Сен — қайғысыз хансың,
Мен — жаралы аңмын,...