Сырымның Хиуа ханына баруы (III нұсқа)
Бірде Сырымды Хиуа ханы шақырыпты. Ол Сырымның хандарға, байларға қас екенін біледі. Хан реті келсе, Сырымды өлтірмек болады. Хан Сырым келместен бұрын оның алдынан бір сыншы адамды дайындап қояды. Аттан түсіп жатқан Сырымның алдынан шыққан сыншы оған қарап, басын шұқиды. Сонда оған Сырым аузын ашып, тілін көрсетеді, содан соң Сырым аяғына малдың тезегін жағып алады. Сәлем беріп ақ ордаға кіріп келген Сырымға хан: «Аяғыңа қарашы?» — дейді. Сырым аяғына қарайды да, «Хан ордасы әділеттің ашылған жері ма десем, аяққа тезектің басылған жері екен ғой», — деп, шығып жүре беріпті. Абдырап қалған хан сыншыны шақырып алып: «Сынадың ба?» — деп сұрайды. Сонда сыншы: «Оны сөзбен емес, қимылмен сынадым. Басымды щұқығаным — басқа пәле неден дегенім еді. Оның тілін көрсеткені — басқа пәле тілден дегені ғой». Хан өзінің жеңілгенін түсінеді.
Бірде Сырымды Хиуа ханы шақырыпты. Ол Сырымның хандарға, байларға қас екенін біледі. Хан реті келсе, Сырымды өлтірмек болады. Хан Сырым келместен бұрын оның алдынан бір сыншы адамды дайындап қояды. Аттан түсіп жатқан Сырымның алдынан шыққан сыншы оған қарап, басын шұқиды. Сонда оған Сырым аузын ашып, тілін көрсетеді, содан соң Сырым аяғына малдың тезегін жағып алады. Сәлем беріп ақ ордаға кіріп келген Сырымға хан: «Аяғыңа қарашы?» — дейді. Сырым аяғына қарайды да, «Хан ордасы әділеттің ашылған жері ма десем, аяққа тезектің басылған жері екен ғой», — деп, шығып жүре беріпті. Абдырап қалған хан сыншыны шақырып алып: «Сынадың ба?» — деп сұрайды....