Хиуа ханы мен Сырымның қағысуы
Сырым қалың қолмен Нұралыны шауып алысымен, ханға патшадан көмекке көптеген салдат келеді. Сырымды әскерлер жеңіп, Сырымның бірнеше жолдастарын тұтқынға алады. Сөйтіп, Сырым бастаған көтеріліс басылады. Қалған жолдастарымен Сырым бұл жақтан кетіп Түрікпен, Бесқала, Хорезм қалаларына барып көмек сұрайды. Ханды қайта шаппақ болады. Бірақ ол жақтың хандары мен бектерінің көпшілігі төрелер екен. «Еңбектен қашса — дөңбекке» дегендей ол жақтағы төрелермен жауласып, бұл жақтан көмек алам десем, бұл жақта да төрелер екен ғой», — дейді Сырым батыр. Ол елдің де төрелерімен, хандарымен үйлесе алмайды. Нашар адамдарға зорлық жасағанына шыдай алмай, хандарға қарсы шығады. Артына ерген ел адамдары жорықтан қажып елге қайта бастайды.
(I нұсқа)
Сырым қалың қолмен Нұралыны шауып алысымен, ханға патшадан көмекке көптеген салдат келеді. Сырымды әскерлер жеңіп, Сырымның бірнеше жолдастарын тұтқынға алады. Сөйтіп, Сырым бастаған көтеріліс басылады. Қалған жолдастарымен Сырым бұл жақтан кетіп Түрікпен, Бесқала, Хорезм қалаларына барып көмек сұрайды. Ханды қайта шаппақ болады. Бірақ ол жақтың хандары мен бектерінің көпшілігі төрелер екен. «Еңбектен қашса — дөңбекке» дегендей ол жақтағы төрелермен жауласып, бұл жақтан көмек алам десем, бұл жақта да төрелер екен ғой», — дейді Сырым батыр. Ол елдің де төрелерімен, хандарымен үйлесе алмайды. Нашар адамдарға зорлық жасағанына шыдай алмай, хандарға қарсы шығады. Артына ерген ел адамдары жорықтан қажып елге...