Сырым батыр мен Ақсуат би
Байұлының әлім елінде жүріп бір кісісі өлген екен. Соның құнын алуға Байұлынан байбура Сырым, есентемір Бөкен, қылыш Кестен, шеркеш Арыстанбай, амандық Қаракемпір, шеркеш Асау мен Тұрлан, беріштен Айтуар бас болып, небәрі он екі кісі болып жүріпті. Құн алатын ауыл Бұйырғын деген жайлауда отырады. Оның Ақсуат деген биі бар екен. Ақсуатқа ел тек құн мәселесімен барады екен. Би аулынан екі-үш шақырым жерге жолаушы ат байлайтын ағаш белдемесін жасатып аулына аттылы кісі келтірмейді екен. Байұлының адамдары белдеме ағашқа келгенде, Сырым батыр:
— Бұл ағашқа атты байламайық, екі-үш шақырым жерден жаяу-жалпылап баратын біз әлімге келінбіз бе? Неде болса аулына атпен барып түсейік, —...