Сырымның әйелге қамқорлығы (IV нұсқа)
Кіші жүздің Орта жүзге берген бір қызы бар екен. Орта жүзге барған Кіші жүздің жігіттерінен бір күні қыз көйлегінің үшкілін беріп жіберіпті. «Өздері білер», — деп. Бірақ та Кіші жүздің көп кісілері шеше алмай Алдар биге барыпты. Алдар би көйлектің үшкілін көріп:
— Біздің орта жүзде бір қыз бар екен, бейнет көріп жүрмін, алып кетіңіз дегені болар, — депті. Танымайтын қызды алып келуге Сырымды жібереді. Сырым келіп сол елдің Мөңке би дегеннің үйіне келеді. Қыздың аты-жөнін білмегесін Мөңке би Сырымның қасына бәрі бірдей киінген қырық жігіт, қырық бірінші Сырым қылып ертіп жіберіпті және сол ауылдан қырық бірінші қыз киініпті, сосын...