«әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам және заманауи этика»
Қазұу-да www.kaznu.kz 2023 жылдың 24-ші жұлдызында «әл-Фараби мұрасындағы ізгі адам, қайырымды қоғам және заманауи этика» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
Іс-шара Иран Ислам Республикасының Ғылым министрлігінің мәдениеттану және қоғамтану ғылыми-зерттеу институтының, Иран Ислам Республикасының мәдениет ұйымы мен Бас консулдығының қолдауымен ұйымдастырылды
Конференция ашылу рәсімінде философия және саясаттану факультетінің деканы, қауымдастырылған профессор Бекжан Меиірбаев құттықтау сөз сөйлеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Иранға ресми сапары барысында бекітілген ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Ислам Республикасы мәдениет министрлігі арасындағы 2022-2025 жылдарға арналған мәдени алмасу бағдарламасының міндеттеріне тоқталды
Олардың бірі – екі ел ғалымдарының фарабитану саласындағы бірлескен жұмысы. Осы қызмет аясында Әл-Фараби кітапханасының каталогын қазақ және парсы тілдерінде дайындап, басып шығару бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, Әл-Фараби орталығы ҚР Ғылым және...