ҰБТ ға сапалы дайындалуға арналаған лайфхактар…
ҰБТ - Ұлттық біріңғай тест, бұл үш әріп көптеген мектеп бітірушілері үшін өте маңызды ұғым екені айдан анық. ҰБТ дан жоғары балл жинап университетке грантқа түскісі келетіндер аз емес. Бірақ осы ҰБТ ға дайындықты сапалы ету үшін не істеу керек? Сіздермен бүгін өзіме көмек беріп жатқан лайфхактармен бөлісетін боламын.
Ең біріншісі, дұрыс бағыт. ҰБТ ға дайындалып жатқан түлектерге ең бастысы айтатын кеңесім өздеріңізге ұнайтын өздеріңіз қызығатын мамандықты таңдаңыздар. Егерде сіздер өз мамандықтарыңыз бойынша жұмыс жасағыларыңыз келмесе қызығушылықтарыңыз төмен болса дайындалуғада мотивация шабыт мүлде болмайды .Ата-анаңыздың айтқанымен ғана дайындалатын болсаңыз, ол дайындығыңызды сапалы болады деп ойламаймын. Себебі сізде мотивация, қызығушылық жоқ.
Екіншісі, әрине жиі айтылатын уақыт мәселесі өте маңызды. Уақытыңызды барынша тиімді пайдаланыңыз. «ҰБТ ға 1 ай немесе 1 апта қалғанда дайындаламын» деп жүре берсеңіз нәтижеңіз оң болмайды. Себебі: бүкіл сабақты бір күнде оқу, сан түрлі сұрақтарға бір күнде жауап табу мүмкін емес.
Үшіншісі,еріншектікті азайту. «Еріншектің егіні піспес» деп Қазақ...