Екі миллионнан астам қазақстандықтың жеке дерегі тарап кеткен
АСТАНА. KAZINFORM – «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ zaimer.kz («МҚҰ «ЖШС Робокеш.кз») микроқаржы ұйымының клиенттері болып табылатын қазақстандықтардың 2 млн. астам жеке деректерінің таралуын анықтады. Бұл туралы Цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.