Сирек кездесетін аурулары бар науқастар үшін орфандық орталық құрылады
АСТАНА. KAZINFORM – Денсаулық сақтау министрлігінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының Басқарма төрағасы Болат Жәмішевпен және «University Medical Center» КҚ басқарма басшысы Юрий Пямен орфандық аурулары бар балаларға медициналық көмекті жетілдіру мәселелері бойынша кездесу өтті. Бұл туралы ведомоствоның баспасөз қызметі хабарлады.