8 наурызда Қазақстанның бірнеше қаласында әйелдер қоғамдық көлікте тегін қатынай алады
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның кейбір қалаларында Халықаралық әйелдер күніне орай нәзік жандылар қоғамдық көліктерде тегін жүруге мүмкіндік алды. Бұл туралы бірнеше жергілікті әкімдік мәлім етті.