Байден Нетаньяхудың Газа секторындағы әрекетін сынға алды
АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ президенті Джо Байден 9 наурызда америкалық MSNBC телеарнасына берген сұхбатында Израильдің Газа секторындағы жазықсыз адамдардың өліміне әкелген әрекетін қателік деп санайтынын айтты. Ол сөз арасында атысты тоқтатуға шақырды. Бұл туралы DW жазды.