Арал апаты: Қазақстан сексеуіл егілген аумақты 1,5 млн гектарға дейін ұлғайтпақ
ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан Арал теңізінің тартылған табанын жасыл желекке айналдыру бойынша жұмыстарды қарқынды жүргізіп келеді. Осы ретте бұл бағыттағы істерге тартылған орман шаруашылығы мамандары мен жетекші ғалымдар таяуда Қарақалпақстанда бас қосып, тәжірибе алмасты, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.