Әйелдер арнайы платформада дәнекерлеу және жылу желісін жөндеуді үйреніп жүр
АСТАНА. KAZINFORM - Әйелдер жаңа дағдыларды игеріп, өз бетінше білім алуда өте белсенді. Бұған Skills Enbek платформасының статистикасы дәлел бола алады. Мәселен, платформа іске қосылған сәттен бастап (2021 жылғы шілдеден 2024 жылғы наурызға дейін) оқытудан сәтті өткен 313 мың пайдаланушының шамамен 58%-ы немесе 183 мыңы – қазақстандық нәзік жандар.