Алматыда ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін арнайы 8 қызмет құрылады
АЛМАТЫ. KAZINFORM - Алматыда ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету үшін 8 ерте араласу қызметі пайда болады. Бұл туралы Алматының инклюзивті ортаны дамыту жөніндегі кеңесінің I-ші отырысында қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова айтты.