Газдалған сусынды жиі тұтыну адам ағзасына қандай қауіп төндіреді
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Салқындатылған газды сусын бүгінде тойларда ғана емес, күнделікті дастарқанда да жиі тұрады. Оның жағымды дәмі тіл үйіргенімен, зиянды жағы да аз емес. Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің техникалық регламенттер талаптарын бақылау бөлімінің басшысы Марина Давлетбаева газдалған тәтті сусынды жиі қолданбауды ескертеді.