«Мәдениет – қазақ елінің рухани құндылықтарының қазынасы»
Ежелгі грек, үнді, қытай, египет мәдениеттерінен кем түспейтін қазақ мәдениеті – қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тарихының ең бай қабаты. Кең даланың сұлулығы мен көшпелілердің қиындықсыз өтпеген өмірінің әсерінен бүгінгі біз білетін қазақ мәдениеті пайда болды. Сән-салтанатпен жайылған дастархан, талғампаз және сонымен қатар функционалды киіз үйлер, бұрын-соңды болмаған әдемі киіз бұйымдары, шебер өрнектермен безендірілген киімдер мен бас киімдер, ат ойындары, шешендік өнер, ақындар сайысы - мұның бәрі алуан түрлі және өзіндік ерекше Қазақ мәдениеті. Әрине, қазақ мәдениеті жайлы сансыз дүние айтуға болады, оның шегіне жету мүмкін емес секілді, дегенмен жарқын мысалы ретінде халық музыкасы, салт-дәстүрлер...