Ұлыбританияда сайлауалды науқан басталды
АСТАНА. KAZINFORM - Билік партиясындағылар халықтың көңілінен шығу үшін салықты төмендетуге дейін барып отыр. Бірақ бұл сайлаушылардың бетін бері қарата ма? 14 жыл ел басқарып, экономиканы рецессияға ұшыратқан консерваторлар биыл билікпен қош айтысуы мүмкін, деп хабарлайды Kazinform-ның осы елдегі меншікті тілшісі Ғалымжан Қараманұлы.