Қазақтың салтымен тәрбиеленіп жатқан Адай Қазақстанның азаматтығын алғысы келеді
АСТАНА. KAZINFORM – 2021 жылы Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласының перзентханасында шетелдік отбасының шыр етіп дүниеге келген нәрестесіне Адай-Джоаш есімі берілді. Сәбидің ата-анасы – Нигерия азаматтары Фрайдей Адере мен Мерси Адере кейінгі 6 жылдан астам уақыттан бері елімізде тұрады. Агенттік тілшісі Фрайдей Адереге хабарласып, еліміздегі өмірі жайлы сұрап білді.