Наурызкөженің денсаулыққа қандай пайдасы бар
АСТАНА. KAZINFORM – Қоғамның мәдени-тарихи мұраларға деген ықыласы заман келбетіне тікелей әсер етеді. Мысалы, салауатты тамақтануға көшуге қатысты трендтер тек табиғи ингредиенттер қолданылатын дәстүрлі қазақ тағамдарына деген ықыласты арттырды. Нутрициолог маман Елена Ушанская дәстүрлі тағам Наурызкөже мен құрттың денсаулыққа қаншалықты пайдалы екенін айтып берді.