Наурызнама: Астанада кітап көрмесі ашылды
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған «Ежелгі мерекенің мәңгілік құндылықтары» атты кітап көрмесі ашылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.