Абай облысында алғаш рет «Аялы әже» форумы өтті
СЕМЕЙ. KAZINFORM - Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде кеңінен аталып өтіп жатқан Ұлыстың ұлы күні Наурыздың онкүндігінде әкімдіктің қолдауымен Абай облысы ардагерлер кеңесі «Әжелер – ұлт ұйытқысы, тәрбие бесігі» тақырыбында «Аялы әже» форумын ұйымдастырды.