Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы
Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы,
14 наурыз – «Көрісу күні – Амал мерекесі». «Көрісу күні – Амал мерекесі» тақырыбында дәстүр бойынша туған-туыстарға, көршілерге, жасы үлкен кісілерге сәлем беруді ұйымдастыру.
15 наурыз – Қайырымдылық. Бұл күнді қайырымдылық, мейірім мен татулық тақырыбына арнауды ұсынамыз. Сондай-ақ, білім беру ұйымдарында игі істер марафоны ұйымдастырылып, көп балалы, аз қамтылған, ата-ана қамқорлығынсыз қалған т.б. жағдайларда көмек көрсеткен меценаттарға және ерен еңбегімен танылған тұлғаларға құрмет көрсетіп, марапаттауға арналған салтанатты шаралар ұйымдастыру.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Бұл күн мәдениетті, өнерді және ұлттық құндылықтарды насихаттауға арналады. Ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу бойынша дәстүрлі іс-шаралар өткізу.
17 наурыз – Шаңырақ. Бұл күнді отбасы...