Грекия — Қазақстан футбол матчына 18 мың билет сатылып кетті
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан Ұлттар лигасы плей-офф сатысындағы Қазақстан және Грекия кездесуіне қазірге дейін 18 мыңнан астам билет сатылған. Аталған ойын Грекия астанасы Афина қаласындағы 30 мыңға тарта адам сиятын OPAP Arena стадионында өтеді.