Астанада 1000-ға жуық сыртқы жарнама тақтайшасы алынып тасталды
АСТАНА. KAZINFORM - Елордада қаланың сыртқы келбетін бірыңғай дизайн-кодқа сәйкес келтіру жұмысы жүріп жатыр. Жыл басынан бері талаптарға сай келмеген 1000-ға жуық жарнама тақтайшасы алынып тасталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.