Мәскеудегі елшілік жергілікті билікпен және тиісті қызметтермен байланыста – Қазақстан СІМ ресми өкілі
АСТАНА. KAZINFORM – Ресейдегі терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтарының бар екені туралы ақпарат жоқ. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.