ШҚО-да биыл ауыл шаруашылығын дамыту үшін қандай шаралар атқарылмақ
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM – Шығыс Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік кешені азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, аймақ экономикасының екінші негізгі саласы. Бүгінгі таңда аталмыш сала тұрақты дамып келеді және елдің ауыл шаруашылығы өнімі шығарылымының 6%-ын құрап отыр.