Жерұйық қайда?
Жерұйық қайда? Ділдар Мамырбаева — Жапондар жұртын Айдың солтүстік аймағына көшірмекші екен, Жақсылықтың бетінің сөлін компьютер жеп қойған астробиолог досы олардың осылай жасайтынын бұрыннан білетін, бірақ оған ешқандай алаңы жоқ адамдай хабарлады. Жақсылық таңданып үлгергенше:
— Жапондар жұртын Айдың солтүстік аймағына көшірмекші екен, Жақсылықтың бетінің сөлін компьютер жеп қойған астробиолог досы олардың осылай жасайтынын бұрыннан білетін, бірақ оған ешқандай алаңы жоқ адамдай хабарлады. Жақсылық таңданып үлгергенше:
— Қытайлар Күн жүйесіндегі Жерге өте ұқсас планета Марсты көздеп отыр, деп сөзін жалғастырды аспайтын-саспайтын әдетімен.
— Онда озон қабаты жоқ, қырылады ғой, — Жақсылық олар сондай нартәуекелге не үшін баратынын түсінбегендей, таңдана қарады досына.
— Күн радиациясы өте қауіпті екенін білгендерімен, ондағы құрғақ мұз үміттерін оятуда. Су бар жерде өмір бар деп деп ойлап атоммен бомбалауды ойластыруда, — астробиолог досы ойын әр әр жерден үзіп-үзіп қана айтты.
—...