Қалың бұқара зиялы қауымға қарап ойын да, бойын да түзейді – Бауыржан Ғұбайдуллин, Ұлттық құрылтай мүшесі
ОРАЛ. KAZINFORM — Қазіргі қазақ қоғамында қордаланған мәселелер қандай ? Біз өткен тарихымызбен қатар бүгінімізді қалай бүтіндей аламыз ? Ертеңіміз бұдан да жарқын болуы үшін не істеуіміз керек? Міне, осындай сауалдар төңірегінде ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі, жазушы-журналист, БҚО «Орал өңірі» газетінің бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының Батыс Қазақстан облысындағы өкілі Бауыржан Ғұбайдуллин Kazinform тілшісіне өз ой-толғамдарын былайша тарқатты.