Қазақстан Кипрмен парламентаралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі - Мәулен Әшімбаев
АСТАНА. KAZINFORM - Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Кипр Республикасының Сыртқы істер министрі Константинос Комбоспен кездесті. Сұхбат барысында тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту және серіктестікті кеңейту мәселелерін талқылады.