Мәскеудегі теракт: Ресейлік тергеушілер күдіктілердің отбасынан жауап алу үшін Тәжікстанға барды
ДУШАНБЕ. KAZINFORM – 26 наурызда ресейлік тергеушілер Crocus City Hall ғимаратына жасалған шабуылға күдікті төрт адамның отбасы мүшелерінен жауап алу үшін Тәжікстанға барды. Бұл туралы Reuters агенттігі Тәжікстанның қауіпсіздік қызметіндегі үш дереккөзге сілтеме жасап хабарлады.