Олжас Бектенов Петропавл ЖЭО-сын жаңарту барысын тексерді
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Премьер-Министр Олжас Бектенов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында коммуналдық-энергетикалық секторды жаңғырту және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту барысымен танысты. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.