Олжас Бектенов СҚО-дағы ірі кәсіпорындарды аралады
ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Үкімет басшысы Олжас Бектенов өнімдері ауыл шаруашылығы, мұнай-газ, теміржол салаларында кеңінен қолданылатын бірқатар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.