Добавить новость
103news.com
World News in Kazakh
Май
2024

"Сыр жастары": Қызылордада 60 пәтерлік тұрғын үй пайдалануға берілді

0

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Сыр жастары» бағдарламасы аясында Қызылорда қаласының сол жағалауынан салынған 60 пәтерлік тұрғын үйдің кілтін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Іс-шараға қала әкімі Серік Қожаниязов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, ардагерлер, "Дәнекер" ЖШС басшысы Әбдімәжит Жансақалов, жауапты сала басшылары және тұрғындар қатысты.

Облыс әкімі жаңа пәтер иелерін қоныстоймен құттықтап, аймақтың құрылыс саласындағы жаңалықтарға тоқталды.

"Жастарымызды сапалы біліммен, жұмыспен және баспанамен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып саналады. Жас отбасылар үшін ең өзекті мәселенің бірі – баспана. Осыны ексеріп, 2022 жылдың желтоқсан айында өткен облыстық жастар форумында алғаш рет несиелендіру жолымен "Сыр жастары" бағдарламасын жүзеге асыру туралы шешім қабылданған болатын. "Отбасы банк" акционерлік қоғамына бюджеттік кредит беру үшін облыстық бюджеттен 1,2 млрд теңге бөлінді. "Сыр жастары" – аймақ жастарын баспанамен қамту бағытында қолға алынған өңірлік тың жоба. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл" деген сөз бар халқымызда. Бағдарламаны бірлесіп жүзеге асыру үшін "Отбасы банк" АҚ 500 млн теңге қаржы бөлді. Бүгінгі қоныстой – осы бірлескен жұмыстың жемісі. Мемлекетіміздің тұрғындарға жасаған қамқорлығы мен ұсынған мүмкіндіктерінің арқасында әр азамат өз шаңырағының иесі атануда. Өткен жылы аймақта 4 108 пәтерлік 300 тұрғын үй салынды, 2 400-ге жуық пәтер табысталып, 11 мыңнан астам тұрғын қоныстой тойлады. Халықтың жайлы тұрмысына оң әсер ететін бұл жұмыстар биыл да жалғасуда. Бюджет қаражаты есебінен 13,3 млрд теңгеге 1 269 пәтерлік 67 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіледі. Оның ішінде 350-дей пәтер аудандарға тиесілі. Жыл басынан бері 402 отбасы баспана бақытына кенелді. Бүгін 60 жас отбасының қуанышын еселейміз. Жақын күндері Тасбөгет кентінен 150 пәтер халық игілігіне беріледі. Бұл – әлеуметтің әл-ауқатын арттырудағы мемлекеттік қолдаудың нақты көрінісі. Баршаңызға жаңа қоныс құтты болсын!" – деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Жиында әсем де зәулім үйлерді салған "Дәнекер" құрылыс компаниясының қызметкерлері облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Бүгін пәтер кілтін алғандар қатарында ұстаздар, медицина, мәдениет және спорт салаларының қызметкерлері, журналистер және өзге де сала мамандары бар.

Қызылордадағы құрылыс қарқыны, әсіресе әлеуметтік нысандардың көптеп салынуы осы саланың жұмысына соны серпін бермек. Мәселен, 300 орындық жатақханасы бар 400 орындық физика-математика мектеп-интернаты жаңа оқу жылында табысталады. Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында биыл 10 мектеп пайдалануға беріледі. Тағы 11 мектептің құрылысы басталады.

Облыс орталығында балалар мен жасөспірімдерді шығармашылыққа баулитын "Шығармашылық академиясының", екі ауданда Оқушылар үйі мен Өнер мектептерінің, Қызылорда қаласында үстел теннисі орталығының және орталық стадионның құрылысы жүруде. Халықаралық стандарттарға сай келетін жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. "ҚазГерМұнай" компаниясының демеушілігімен қолға алынған 350 орындық заманауи үлгідегі Оқушылар сарайы да, "Саутс Ойл" компаниясының демеушілігімен бой көтерген 650 орындық музыкалық колледж ғимараты да жуық арада халық игілігіне айналмақ. Барлық ауданда неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйін біріктіретін "Руханият" орталықтары салынуда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!





Губернаторы России
Москва

Собянин: Москва и Пекин подписали программу сотрудничества на 2024-2026 годы





Москва

За прошедшую неделю подмосковные росгвардейцы обеспечили безопасность более 200 мероприятий


Губернаторы России

103news.net – это самые свежие новости из регионов и со всего мира в прямом эфире 24 часа в сутки 7 дней в неделю на всех языках мира без цензуры и предвзятости редактора. Не новости делают нас, а мы – делаем новости. Наши новости опубликованы живыми людьми в формате онлайн. Вы всегда можете добавить свои новости сиюминутно – здесь и прочитать их тут же и – сейчас в России, в Украине и в мире по темам в режиме 24/7 ежесекундно. А теперь ещё - регионы, Крым, Москва и Россия.

Moscow.media
Москва

Сергей Собянин: Активно укрепляем отношения с Китаем



103news.comмеждународная интерактивная информационная сеть (ежеминутные новости с ежедневным интелектуальным архивом). Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "103 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. 103news.com — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net.

Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам объективный срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть — онлайн (с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии).

103news.com — живые новости в прямом эфире!

В любую минуту Вы можете добавить свою новость мгновенно — здесь.

Музыкальные новости

Сергей Рахманинов

Концерт “Рахманинов под небом”




Спорт в России и мире

Алексей Смирнов – актер, которого, надеюсь, еще не забыли

В Лужниках состоялась церемония открытия Всероссийской Спартакиады Специальной Олимпиады

Красногорск первым встретил участников международного супермарафона Москва-Минск

Военно-спортивный фестиваль Росгвардии в «Лужниках» собрал более 20 000 москвичей и гостей столицы


WTA

Россиянка Людмила Самсонова выиграла турнир WTA в Хертогенбосе



Новости Крыма на Sevpoisk.ru


Москва

СЕНСАЦИОННЫЙ ДОКЛАД ПРО ДЕЛО СКРИПАЛЕЙ, САФРОНОВА, ГОЛУНОВА.



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России