Өткен айда еліміздегі өнеркәсіп өнімдерінің бағасы 4,3 пайызға жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы қарашада еліміздегі өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасы 4,3 пайызға жоғарылады. Атап айтқанда, ағымдағы жылғы қарашада қазанмен салыстырғанда баға кен өндіру өнеркәсібінде - 4,8 пайыз, өңдеу өнеркәсібінде - 4,4 пайызға жоғарылады. Өндірілген өнімге баға - 4,7 пайыз, өндірістік сипаттағы қызметтерге - 0,7 пайызға артқан. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің баспасөз қызметінен хабарланды.