«Нұр Отан» 2016 жылы «Ұлы дала елі» жобасын іске асыруға кіріседі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясы 2016 жылдан бастап «Ұлы дала елі» жобасын іске асыруға кіріседі. Бұл туралы бүгін Мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері жөніндегі «Мирас» қоғамдық кеңесінің кеңейтілген отырысында «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сапар Ахметов айтты.