Қырғыз шенеуніктері әр сейсенбі сайын радио арқылы премьер-министрдің сөзін тыңдауға міндеттелді
БІШКЕК. ҚазАқпарат - Қырғыз шенеуніктері әр сейсенбі сайын таңғы «Биринчи радио» эфирінен ел премьер-министрі Темир Сариевтің сөзін тыңдауға міндеттелді. Үкімет аппараты басшысының бірінші орынбасары Мұрат Мұқамбетов осындай нұсқауды ведомстволарға және облыстық әкімшіліктерге жолдады, деп хабарлайды осы елдегі «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.