Сарыбай мен Жамбыл
Сарыбайдың үлкен кемеңгерлігі — Жамбылды ақын етіп тәрбиелеуі. Жамбыл жасында өлең-жырға, домбыраға үйір болып, ақындыққа бейімделіп жүргенін әкесі Жапа жақтырмайды. Жапа ол кезде баласын: «Ақын мен бақсының түбі — қайыршылық пен жын. Ел кезіп, дуана болып кеткенше, қайратты ерлік жолын қуып, мал бақ, дәулет жина», — дейді.
Жамбыл Сарыбайға келіп, әкесінің беті қайтса, тек осы кісіден қайтарын біліп, бата сұрайды. Жас баланың сонда айтқан өлеңіне риза болған Сарыбай Жамбылға ақ батасын беріпті. оның талабын мақұлдап, Жапаны шақырып алып: «Баланың бұдан кейін бетін қайырма, бұл үлкен ақын болады екен», — деген екен. Міне, Сүйінбай мен Сарыбайдан бата алған Жамбылдың ақындық әлемі,...