Алматы-Өскемен трассасының Аягөзден Жаңғызтөбеге дейінгі учаскесінде жол жабық
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - «Қазақавтожол» РМК ШҚОФ ақпаратынша, боран, көктайғақ салдарынан сағат 15:00-де республикалық маңыздағы A-10 Алматы-Өскемен трассасының Аягөзден Жаңғызтөбеге дейінгі 780 - 931 км аралығында жол жабылды.