Ислам діні туралы жазу үшін журналистер кем дегенде Құранды оқыған болуы керек - сарапшы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан халқының 70 пайызы мұсылман болғандықтан, асыл дініміз - ислам мен исламды жамылып, бүлік тудырып жүрген ұйымдарды ажырата білу үшін журналистер Құран Кәрімді оқып алғаны жөн, - дейді «Дін саласындағы өзекті мәселелерді жариялау жөніндегі ақпараттық жұмыстың қағидалары мен басымдықтары» атты тренинг барысында «Қазмедиа орталығы» басқару компаниясының жанындағы медиамектептің басшысы Дана Рысмұхамедова.